Әр пәнге жеке уақыт арнап режиммен дайындал. Дұрыс режим қою - жоғарғы балл кепілі. Бейіндік пәндеріңе аса назар аудар. 140 баллдың 90 балы бейіндік пәндерінде. Уақытты дұрыс бөлген соң, темірдей қатал тәртіппен сол режиміңді ұстан! Мысалы, таңғы 5:00-6:00 аралығында тарихтан Жұбанышовты бір рет қайталау. Мат.сауаттылықтан 7:00-10:00 аралығында мидың сергек кезінде жақсылап дайындалу және т.б.
1. Режимен дайындал
2. Мықты ұстаздар
Дайындықты бастамас бұрын, тәжірибелі ұстаздар ізде. Ұстазыңның ҰБТ-ға дайындауда тәжірибесі жоқ болса - төмен балл алдым дей бер. Себебі, сенің мықты дайындалуыңның жетекшісі ол сенің ұстазың! Ұстаздан шатаспа!
3. Нұсқамен шектелме
Нұсқа талдаумен шектелме. Барлық мүмкіндікті пайдалан.
тестцентр.кз бекіткен кітаптарды оқы, Жұбанышов сынды анықтамалықтар, академияның ҰБТ базалары 100% қамтылған анықтамалығын пайдалан, сонымен қатар мұғалім берген тапсырмаларды уақытылы орында. Тікелей эфирден және сабақтан қалма.
4. Қайтала
Жоспарсыз дайындалып, ананың басын бір шалып, мынаның басын бір шалып жүріп, тиянақсыз дайындалып уақытыңды өткізіп алмағын. Жоспарсыз дайындалсаң, үлгермейсің! Себебі, ҰБТ-дан құлағандардың 90%-ға жуығы дайындалып үлгермегендер!
5. Жоспармен дайындал.
Оқығаныңды, үйренгеніңді үйден міндетті түрде қайтала. Оқушылар үйренгенін үйге барып қайталамағанның кесірінен ұмытып қалып жатады. Сен ол қателіктерге бой алдырма. Әрқашан кішкентай үйренген нәрсеңді жақсылап қайталап, мәңгі жадыңнан өшпестей етіп есіңе сақтап ал!
130+ балл алудың жоспары:
Сенің де осы жоспармен дайындалып, ҰБТ-да 130+ балл жинайтын мүмкіндігің бар.
Сілтемеге өтіп, дайындық жайлы консультация ал да, дайындықты бүгін бастап кет!